Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында джиу-джитсудан алтын түсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтсақ, 69 келі салмақта сынға түскен Нұржан Батырбек Азия ойындарының чемпионы атанды. Сөйтіп Қазақстан қоржынына жетінші алтын жүлдені салды.
Нұржан тартысты өткен белдесуде БАӘ өкілінің спортшысын 4:2 есебімен жеңді.
Бұған дейін жерлесіміз жартылай финалда 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері оңтүстіккореялық Чо Сонг Хеннен басым түсті. Оның алдында саудиялық Усама Кандил мен Тәжікстан өкілі Рамшед Абдуллоевты қапы қалдырған.
Осы салмақта бақ сынаған тағы бір қазақ спортшысы Алдияр Серік қола жүлдеге ие болды.
Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар