6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерШайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық жасөспірім қыздар бесінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетсек, ел құрамасы екінші дивизионында В тобында сынға түсті. Қарсыластары - Болгария, Жаңа Зеландия, Бельгия, Эстония, Исландия.
Бұған дейін ҚР хоккейшілері Болгарияны - 8:1, Жаңа Зеландияны - 7:1, Бельгияны 5:3, Эстонияны 8:0 есебімен жеңген еді.
Қазақстандық хоккейшілер бесінші кездесуінде Исландия құрамасымен кездесті. Қазақстандық хоккейшілер қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.
Қорытынды ойын кестесінде қазақстандық хоккейшілер 15 ұпаймен бірінші орын алды. Одан кейінгі орындардағы Бельгияның 11, Исландияның 9, Жаңа Зеландияның 6, Болгарияның 4, Эстонияның 0 ұпайы бар.
Осылайша қазақстандық хоккейшілер енді екінші дивизионның А тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі