30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Кабинеттегі негізгі тұлғалардың басым бөлігі өз қызметін сақтап қалды. Сонымен қатар бірқатар министрліктерге жаңа басшылар тағайындалып, Үкімет құрамында кадрлық өзгерістер болды.
Вице-премьерлер құрамында не өзгерді?
Жаңа Үкіметті қалыптастыру премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің қайта тағайындалуынан басталды. Мемлекет басшысы оның кандидатурасын ұсынса, Құрылтай депутаттарының басым бөлігі қолдау білдірді. Осылайша Олжас Бектенов Үкімет басшысы қызметін жалғастырды.
Үкіметтегі вице-премьерлер блогының негізгі бөлігі бұрынғы құрамда қалды. Атап айтқанда Нұрлыбек Налибаев премьер-министрдің бірінші орынбасары қызметін жалғастырады. Ғалымжан Қойшыбаев та премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы ретінде жұмысын жалғастырды.
Сондай-ақ Қанат Бозымбаев вице-премьер қызметінде қалды. Бұдан бөлек Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі болып қайта тағайындалды. Ал Жаслан Мәдиев премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қызметін сақтап қалды.
Ал бұған дейін әлеуметтік блокқа жауап берген вице-премьер – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Көптеген министр өз қызметін сақтап қалды
Үкіметтің жаңа құрамында министрлердің басым бөлігі бұрынғы қызметтерінде қалды. Ішкі істер министрі Ержан Саденов, Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов және Қаржы министрі Мәди Тәкиев өз қызметтерін жалғастырады.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев та министрлік басшылығында қалды. Энергетика министрлігін Ерлан Ақкенженов, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігін Ерсайын Нағаспаев, Сауда және интеграция министрлігін Арман Шаққалиев басқара береді.
Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев та өз қызметін сақтап қалды. Білім беру және денсаулық сақтау салаларында да өзгеріс болған жоқ. Жұлдыз Сүлейменова Оқу-ағарту министрі қызметін, Ақмарал Әлназарова Денсаулық сақтау министрі қызметін жалғастырады.
Су ресурстары және ирригация министрлігін Нұржан Нұржігітов басқарады. Сонымен қатар Асқарбек Ертаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі, Ербол Мырзабосынов Туризм және спорт министрі, Саясат Нұрбек Ғылым және жоғары білім министрі болып қайта тағайындалды.
Сыртқы істер министрлігіне Мұхтар Тілеуберді қайта келді
Үкіметтегі ең маңызды кадрлық шешімдердің бірі – Мұхтар Тілеубердінің Сыртқы істер министрі қызметіне қайта тағайындалуы. Ол бұл ведомствоны бұған дейін де басқарған.
Мұхтар Тілеуберді 2019-2023 жылдары Қазақстанның Сыртқы істер министрі болды. Ал жаңа тағайындауға дейін Қазақстанның Австриядағы елшісі қызметін атқарған.
Ол бұл қызметте 2025 жылғы қыркүйекте Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Ермек Көшербаевты алмастырды.
Төтенше жағдайлар министрлігінде жаңа басшы
Төтенше жағдайлар министрлігін енді Мұрат Мұханов басқарады. Ол бұған дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментін басқарған. Кейін Төтенше жағдайлар министрлігінің аппарат басшысы қызметін атқарды. Мұрат Мұханов ведомство басшысы ретінде Чингис Ариновты алмастырды.
Экология министрлігін Әлибек Қуантыров басқарады
Экология және табиғи ресурстар министрлігінде де жаңа басшы тағайындалды. Ведомствоны Әлибек Қуантыров басқарды. Ол бұл қызметте Ерлан Нысанбаевты алмастырды.
Қуантыров 2024 жылдан бері Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарып келген. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігін басқарған.
Мәдениет және ақпарат министрлігіне жаңа басшы келді
Мәдениет және ақпарат министрлігін Арман Қырықбаев басқаратын болды. Ол 2025 жылдан бері Қазақстан Президентінің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі қызметін атқарып келген. Ол бұл қызметте Аида Балаеваны алмастырды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды