30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыРеспубликалық бюджеттің кірістері бойынша жоспар 102,1% атқарылып, 16,1 трлн. теңге болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шығыстар 98,6% игерілді және 18,5 трлн. теңгені құрады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,3% құрады. Мемлекет өзінің әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындады.
Сонымен қатар, Үкімет салықтық жеңілдіктер, «айналы статистикасы» мен көлеңкелі экономикадағы алшақтық бойынша бірқатар жүйелі шаралар қабылдайтын болады. Жоғары аудиторлық Палатаның салық жеңілдіктерін айқындау, оңтайландыру және мониторингілеу жөніндегі ұсынымдары Үкіметтің жұмысында, оның ішінде жаңа Салық кодексін әзірлеу аясында ескіріледі.
Алшақтықты азайту мақсатында бірқатар іс-шаралар қабылдануда. Осылайша, тауарларға арналған декларацияларды шығару және бақылау бөлігінде кедендік функцияларды орталықтандыру аяқталды, бұл бақылау шаралары бойынша орталықтандырылған шешімдерді қабылдай отырып, өткізу пункттеріндегі жедел ахуалдың қашықтықтан мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде. Ұлттық қордың қаражатын үнемдеу саясатын жалғастыру мақсатында республикалық бюджетке алуларды азайту жалғастырылады.
Нақты мәселелерді шешуге бағытталған қысқа бағдарламалық құжаттардың форматына көшу жүзеге асырылуда. Жаңа форматтағы «Жайлы мектеп» және«Ауылдағы денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобалары бекітілді.
Қорытындылай келе, Ерұлан Жамаубаев Үкімет Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, квазимемлекеттік секторды реформалау бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Жалпы, квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының игерілуіне мониторинг жүргізу Бюджет кодексінің жобасы аясында қарастырылады, ал мемлекеттік қарызды басқару белгіленген қаржылық шектеулерді қатаң сақтай отырып жүзеге асырылады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды