Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыДенсаулық сақтау министрлігі ҚР мүдделі мемлекеттік органдарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының аумағында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтына қолжетімділікті қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
2022 жылғы 14 қазанда Алматы облысы Талғар аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында ДДҰ ресми сайтына (ww.who.int) бұл ресурста пайдаланушыларға суицидтің нақты әдістері, тәсілдері мен ұсынымдары ұсынылатындығын дәлелдей отырып қолжетімділік шектелгенін естеріңізге саламыз.
Қазақстандық тараптың ұсынысы бойынша ДДҰ ресми веб-сайтында (www.who.int) суицид туралы ақпараттық бюллетень өзгертілді.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 190-нан астам мемлекеті мүшелері болып табылатын БҰҰ жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау саласындағы халықаралық жұмысты бағыттаушы және үйлестіруші орган болып табылатынын білесіздер.
ҚР 1992 жылы ДДҰ-ға кірген сәттен бастап ДДҰ Қазақстанға денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша техникалық, сараптамалық және консультациялық қолдаудың кең спектрін көрсетеді.
Қазіргі уақытта ДДҰ-ның ресми сайты штаттық режимде жұмыс істейді және жалпыға қол жетімді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді