23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) және халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Жанар Айтжан ДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеалаға сенім грамоталарын табыс етті, деп хабарлайды El.kz.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, кездесу барысында Н. Оконджо-Ивеала Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ДСҰ жанынан Қазақстанның Тұрақты өкілдігін ашу туралы шешім қабылдағаны үшін алғыс білдірді. Бас директордың пікірінше, бұл еліміздің 2022 жылғы маусымда Қазақстанның төрағалығымен сәтті аяқталған ДСҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы барысында қол жеткізілген уағдаластықтар имплементациясына елеулі үлес қосуға ықпал етеді.
Өз кезегінде Қазақстанның Тұрақты өкілі 2015 жылы ДСҰ-ға кірген сәттен бастап, Қазақстан көпжақты сауда жүйесін белсенді түрде қолдайтынын атап өтті. Бұған дейін Қазақстан ДСҰ-ның Сауда және қоршаған орта жөніндегі комитетінің жұмысына төрағалық еткен, 2018 жылдан бастап еліміз ДСҰ-ның Қызметтер саудасы жөніндегі арнайы сессиясын басқарып келеді. Қазақстанның, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің Ұйымға кіруіне жәрдем көрсететіні және теңізге шыға алмайтын дамушы елдердің мүдделерін білдіретіні атап өтілді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік