18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымының көлемі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 557,4 млн. АҚШ долларын құрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл 2022 жылдың бірінші жартыжылдығына қатысты 9,7%-ке, яғни, $617,2 млн-ға төмендеді.
Тауар айналымы көлемінің төмендеуінің себебі Тәжікстаннан импорттың 33,3% – ке, яғни $255,1 млн-нан $170,2 млн-ға дейін төмендеуі болып табылады. Бұл ретте, Қазақстаннан экспорт көлемі 6,9% - ке $362,1 млн-нан $387,2 млн-ға дейін өсті.
Ағымдағы жылы Қазақстаннан Тәжікстанға экспорттың негізгі көлемі бидайға түсті: жеткізу көлемі $104,4 млн немесе Тәжікстанға отандық экспорттың 27%-ін құрады. Бұдан әрі экспорт көлемі бойынша сұйытылған пропан ($39,3 млн), темірден немесе қоспаланбаған болаттан жасалған шыбықтар ($39 млн), алюминий оксиді ($23,4 млн) және күнбағыс майы ($18,9 млн) орналасқан. Жалпы, Қазақстаннан экспорттың құрылымы елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ.
Смартфондар экспортының (реэкспортының) 10,5 мың бірліктен 68,8 мың бірлікке дейін, кір жуғыш машиналардың 9,5-тен 31,5 мың бірлікке дейін айтарлықтай өскенін атап өтеміз.
Сонымен бірге тамақ қоспаларын жеткізу көлемі $12,2 млн-нан $345 мыңға дейін, бидай ұны 7,2 млн-нан 4,9 млн-ға дейін төмендеді. Мыс пен мырыш негізіндегі қорытпалардан құбырлардың экспорты толығымен тоқтады – $1,2 млн-нан.
Тәжікстаннан Қазақстанға импорттың төмендеуі мыс кендері мен концентраттарды жеткізу деңгейінің $93,7-ден $37,2 млн-ға дейін 2,5 есеге; мырыш кендері мен концентраттарды $67,6-дан $36,2 млн-ға дейін 1,9 есеге төмендеуіне байланысты болды. Бұл ретте $1,4 млн бастап күміс кендері мен концентраттардың, сондай – ақ сәбіз мен шалқанның импорты $1 млн-нан тоқтады. Жалпы, Тәжікстаннан импортталатын негізгі тауар кендер мен күміс концентраттары болып табылады.
Сонымен қатар, Тәжікстаннан Қазақстанға жеткізілімдер негізінен шикізат тауарларынан, көкөністер мен жемістерден тұрады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр