Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2025 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 29,3 млрд АҚШ долларын құрап, экономикалық белсенділіктің тұрақты екенін көрсетті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Мекеменің мәліметінше, осы кезеңде экспорт көлемі – 16,4 млрд доллар, ал импорт – 12,9 млрд доллар болды. Экспорттың негізгі бөлігін дәстүрлі түрде битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай мен мұнай өнімдері құраса (52,3%), одан кейін тазартылған мыс пен мыс қорытпалары (5,3%), мыс кендері мен концентраттары (4%), ферроқорытпалар (3,3%) және бидай мен меслин (2,3%) үлес қосқан.
Импорт құрылымында жеңіл автомобильдер (3,9%), дәрілік заттар (3,1%), көлік шанақтары (2,9%) мен телефон аппараттары (2,3%) алдыңғы орынға шықты. Сондай-ақ көлік бөлшектері мен керек-жарақтары да (2,2%) сырттан көптеп әкелінген.
Экспорт бойынша Қазақстанның басты серіктестері – Италия (25,2%), Қытай (15,1%), және Ресей (9,8%) болса, импортта көш бастағандар – Ресей (29,1%), Қытай (26,8%), және Корея Республикасы (4,4%). Сауда серіктестерінің құрамында елеулі өзгеріс байқалмайды, алайда Қытай мен Түркияның үлесі біртіндеп артып келеді, – деп атап өтті Ұлттық статистика бюросы.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?