10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанның су саласында 1700-ден астам әйел жұмыс істейді. Атап айтқанда, «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорнында 1579 нәзік жанды арулар қызмет атқарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Су ресурстары және ирригация министрлігінде 75 әйел бар. Министрлік жанындағы Су шаруашылығы және бассейндік инспекциялар комитетінде 99 әйел жұмыс істейді.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов отандық су саласында қызмет етіп жүрген аруларды мерекемен құттықтады.
Қазақстанның су саласында қызмет атқаратын барлық аяулы аруларымызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт, туыстарыңыз бен жақындарыңыздың шаттық күлкісін, сондай-ақ жаңа биіктерді бағындыру үшін толағай табыс пен күш-жігер тілеймін. Еліміздің су ресурстарын сақтау және қорғау бойынша ортақ жұмысымызды сіздердің қажырлы еңбектеріңізсіз елестету мүмкін емес. Гүлдей құлпырып, әр күндеріңіз қуанышты сәттерге толы болсын, - деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді