6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБүгінгі таңда Қазақстанда сирек және сирек жер металдарының 100-ден астам кен орны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2024 жылға арналған геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша құрамында алтын, күміс, мыс, мырыш, темір рудалары, қорғасын, вольфрам, хром, молибден, марганец сияқты пайдалы қазбалар қоры мен ресурстары бар кен орындары мемлекеттік есепке алынды.
Жыл басынан бері геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысы бойынша есептерге мемлекеттік сараптама жүргізілуде. Алғаш рет қатты пайдалы қазбалардың 12 кен орны, көмірсутек шикізатының 4 кен орны тіркелді, сонымен қатар жер асты суларының 6 кен орны есепке алынды, - делінген мәліметте.
Оның ішінде: Дүйсембай Орталық, Шығыс Тастау, Жағалау, Оңтүстік, Жеңішке, Байғора, Қостөбе, Қазан-Шұқыр, Оңтүстік Қарауыл-Төбе, Удар, Қызылтас-Күршім және Сарыбұлақ.
Алғаш рет көмірсутек кен орындары мемлекеттік тіркеуге алынды: Қаратұрын Западный, Қошқар, Солтүстік Шыңжыр, Аққұловское Южное.
Сондай-ақ Долинное, Жыланды, Бала-Үрпек, Дарбазин топтық су құбыры, Торғай, Палеозой және Королевское сияқты жер асты сулары кен орындары да бар.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі