Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыРесей Федерациясы Қазақстаннан қызанақ әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады. Бұл туралы ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде хабарлады, деп жазады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералды қызмет (Россельхознадзор) «ВНИИКР» ФМБМ-мен бірлесіп жүргізген материалдарды талдау, сондай-ақ ҚР АШМ АӨКтегі мемлекеттік инспекция өкілдерімен келіссөздер қорытындысы бойынша 16 қаңтардан бастап «Россельхознадзор» Ресейге Қазақстаннан 36 жылыжай кешенінің қызанақтарын әкелуге уақытша шектеулерді алып тастады.
Өндіруші кәсіпорындар карантиндік объектілерден бос деп танылған жылыжай кешендерінің тізіміне енгізілген.
Қазақстандық тарап өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қалған түрлері бойынша шектеулерді алып тастау туралы келіссөздерді жалғастыруда.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді