Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан халық санындағы әйелдердің үлесі 51,1%-ға тең. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамды құрайды, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%. Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті. Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады.
Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана, - делінген мәліметте.
Ал соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны – 37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен.
Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жасты құрайды.
Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары