6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерБиылғы І жарты жылдықта облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 315 миллиард теңгеге өсіп, 6,7 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 14 пайызға өсті. Тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, сауда, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында да көрсеткіштер 14 пайызға артқан, - дейді әкім.
Серік Жамбылұлының сөзінше, 2023 жылдың қаңтар-қазан айларында өңірдегі өнеркәсiп өнiмiнің көлемi өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,1 пайызға өсіп, 9,1 триллион теңгені құраған. Оның ішінде 8,4 триллион теңгесі тау-кен өндіру өнеркәсiбiне тиесілі.
Ал өңдеу өнеркәсібінде 563,8 миллиард теңгеге өнім өндірілді. Биылғы 10 айда 43,9 миллион тонна мұнай, 22,7 миллиард текше метр ілеспе мұнай газы өндiрілді, - деді Серік Шәпкенов.
Жалпы республиканың өнеркәсіп көлемінің 24 пайызы Атырау облысына тиесілі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі