13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз20 жастағы Наталья Вантюсова Қарағанды Бөкетов университетінің дене мәдениеті және спорт факультетінің 3 курс студенті. Ол 8 жылдан бері спортпен айналысып келеді. Наталья бірнеше рет Қазақстан чемпионаттарына қатысып, көпсайыстан жүлдегер, чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Наталья Вантюсова Қарағандыдағы модельдік агенттігінің жарнамасын кездейсоқ көріп қалып, оған жазылуға шешім қабылдайды.
Агенттікте бізге фотоға түсу, дефиле, актерлік шеберлік, моделинг теориясын үйретті. Алдымен Қарағанды Аруы байқауының жеңімпазы болдым, содан кейін Алматы қаласында өткен 2023 жылғы республикалық сұлулық, сән және таланттар байқауында гран-при иегері атандым. Мәскеуде «Еуропа Аруы – 2023» титулын жеңіп алдым, яғни «GRAND – PRIX BEST MODEL WORLD BEAUTY 2023» номинациясы бойынша жеңіске жеттім, - дейді сұлу қыз.
Натальяның барлық бастамалары мен талпыныстарына анасы қолдау танытады, қызына ерекше костюмдер тігуге көмектеседі. Қазіргі уақытта студентке түрлі модельдік агенттіктерден сән көрсетілімдеріне қатысу үшін ұсыныстар түсіп жатыр, бірақ Наталья сабақтан қол үзбей, қарашаңырағының оқытушылары беретін сапалы білімді алып қалуды жөн көреді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды