13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызҚазақстанның iшкi су жолдарында жүк кемелері жүре бастады. Бұл шешім гидрометеорологиялық жағдайға және ел аумағындағы суқоймалардың мұздан толықтай тазартылуына байланысты қабылданып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы ретте Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетіне қарасты «Қазақстан су жолдары» РМҚК жүк кемелерінің қозғалысы басталатыны туралы мәлімдейді.
Осылайша, жоғарғы Ертіс су бассейнінде кемелер 1 мамырдан бастап жүре бастаса, Семей филиалында 25 сәуірден бастап, Павлодар филиалында 23 сәуірден, Орал-Каспий су бассейнінде 1 сәуірден, Іле-Балқаш су бассейнінде 1 сәуірден және «Гидротехникалық құрылыстар» филиалында 5 мамырдан бастап қозғалыс басталып кетті.
Өз кезегінде «Қазақстан су жолдары» РМҚК отандық кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстарды жүргізді. Атап айтқанда, 1855 қалқымалы және 771 жағалаудағы навигациялық белгі орнатылды.
Еліміздегі жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 2104 шақырымды құрайды. Қазақстан бойынша барлығы 795 өзен көлігі және 19 мың шағын көлемді кеме тіркелген.
Айта кетерлігі, су объектілеріндегі навигациялық кезең – бұл гидрологиялық жағдайларды ескере келе, су жолдарының мұздан толық тазартылуы әрі суқоймаларды қозғалыс үшін пайдалануға болатын уақыт аралығы. Су көлігіндегі навигациялық кезең табиғи-климаттық жағдайларға және су жолдарының гидрологиялық режимімен тығыз байланысты.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды