7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Елімізге еңбек сіңірген әртіс, танымал театр актері Сапар Өтемісұлы өмірден озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері, сахна саңлағы Сапар Өтемісұлының өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.
Сапар Өтемісұлы – алпыс жылдан астам уақыт бойы өнерге адал қызмет етіп, Жұмат Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының өсіп-ілгерілеуі жолында тынбай тер төккен, ұлттық театр өнерінің шоқтығы биік тұлғаларының бірі. Ол жүздеген рөлдері арқылы қазақ сахнасының өрісін кеңейтіп, көрерменнің жүрегіне жол тапқан шынайы өнер иесі еді.
Өмірін театрға арнап, ұлт руханиятына сүбелі үлес қосқан қайраткердің еңбегі ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!,-делінген көңіл айту хатында.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?