Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстанның халық әртісі, сахна тарланы Рихангүл Махпирова 79 жасында өмірден озды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Рихангүл Әбдікерімқызы өзінің шығармашылық жолын 1977 жылы Құддыс Қожамияров атындағы Республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында бастаған. Ол жарты ғасырға жуық уақыт ішінде сахнада сан алуан мінезді, ойлы да өміршең бейнелерді жасап, ұлттық театр өнерінің «алтын қорына» енген рөлдер қалдырды.
Өнерге сіңірген елеулі еңбегі үшін ол «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» және «Қазақстанның халық әртісі» атақтарына лайық деп танылған.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның туған-туыстарына, жақындары мен көрерменіне қайғырып көңіл айтады. Ел өзінің біртуар өнер иесінен, сахнаның шын мәніндегі шеберінен айырылды. Жаны жарық болсын, — делінген министрлік хабарламасында.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек