20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс20-26 тамыз аралығында Ресейдің Қазан қаласында «Новая волна» халықаралық ән байқауы өтеді. Осы байқауда Әмре лақап атымен танымал Ернар Садырбаев өнер көрсетеді. Бір қызығы, кейінгі жылдары Әмре Ресейдегі ән-жобаларына жиі баратын болды. Бұған дейін «Интервидение» байқауында 7 орын алды.
Ернар Садырбаев «Новая волна – 2026» халықаралық байқауының іріктеу кезеңінен өтіп, финалист атанды. Сәуір айында өткен жартылай финалда сүрінген жоқ. Әмремен бірге жартылай финалға Милана Пономаренко да қатысқан. Алайда финалистер тізімнен талантты арудың есімін таба алмадық.
Сонымен, байқау ұйымдастырушыларының хабарлауынша, іріктеуге 6000 өтініш түскен. 57 қатысушы жартылай финалда бақ сынап, 13 әнші финалға өткен. Жартылай финалда қазылар алқасы құрамына Ресейдің халық әртісі Игорь Крутой, конкурс режиссері Александр Ревзин, байқаудың музыкалық продюсері Анастасия Мухина кірді. Сөйтіп, финалда 5 мемлекеттің әншілері бақ сынайды. Қай мемлекет десеңіз, Қазақстан, Грузия, Армения, Беларусь, Ресей. Соның ішінде көрші мемлекеттен – төрт қатысушы, қалған тоғызы – ресейлік.
1. Татия Кобаладзе (Грузия)
2. Флора Бичахчян (Армения)
3. София Рустамова (Беларусь)
4. Ернар Садырбаев (Қазақстан)
5. Игнат Изотов (Ресей)
6. Трофим Ветошкин (Ресей)
7. Аркадий Евтушенко (Ресей)
8. Артем Миньков (Ресей)
9. Милана Пономаренко (Ресей)
10.Ника Терентьева (Ресей)
11. Алий Тлюняев (Ресей)
12. Аркадий Федоров (Ресей)
13. АнастасияИванова (Ресей)
Әмренің осы байқауға бақ сынайтынына таңдана қарағандар жетерлік. Оның үстіне Садырбаевтың Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері дейтін атағы бар. Бұдан бұрын әнші «VITEBSK-2018» байқауында бірінші орын, өткен жылы «Интервидение» байқауында 7 орын алды. Оған қоса «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымның әншісі.
@intervision.world Amre - Steppe Light (LIVE) | Kazakhstan 🇰🇿 | Intervision’25 #intervision2025 #интервидение #AMRE #Kazakhstan
♬ original sound - intervision.world
Ұстаз, Өнер магистрі Толғанай Пазылақыннан Ернар Садырбаевтың «Новая волна» байқауында бақ сынайтыны туралы пікір сұрадық. Ұстаздың айтуынша, мұндай байқаудың іріктеуінен өту кез келгеннің қолынан келе бермейді.
Әмренің «Новая волна» байқауына қатысатынын сізден естідім. Менің шәкірттерім «Новая волна», «Славян базары» байқауының іріктеуіне қатысты, бірақ өтпеді. Жалпы, мұндай байқауларға өнер академиясының түлектері немесе студенттері жиі қатысады. Соның ішінде профессор, Халық әртістерінің, доцент, доктор PhD ұстаздардың студенттері бар. Шәкірттерім ел ішіндегі іріктеудің өзінен өтпеді. Шетелдегі іріктеу жағын мүлде білмедім.Оған жеткен де емеспіз, – деді Толғанай Пазылақын.
Сарапшының айтуынша, өзі де кезінде аталған байқауларға қатысқанымен, іріктеуден ары аса алмаған. Сондай-ақ Толғанай Ұланқызынан қазақстандықтардың бұдан басқа қандай ірі байқауға қатыса алатыны туралы сұрап көрдік.
Turkvision мен Eurovision ірі байқаулардың қатарына кіреді. Бірақ Eurovision байқауына еліміздің атынан тек балалар ғана қатыса алады, ересектерге ондай мүмкіндік жоқ. Осы жолда жас әншіге берер кеңесім, байқауға қатысатын қалауыңыз болса дұрыс ниет, сенім, еңбек пен үлкен дайындық керек. Әр күн сайын шыңдалу, әрине шыдамдылық таныта білу мақсатқа бара жатқан жолда көп көмектеседі. Сонда сөзсіз белгілі бір белеске жетуіңіз не жеңуіңіз мүмкін, – деді Толғанай Пазылақын.
Бұл байқау жөнінде атақты продюсер Баян Алагөзова да пікір білдірген. Ол «Кешью» тобын байқаудың іріктеуіне апарғанын, бірақ сондағы жағдайдан көңілі қалғанын айтты. Бұрын аталған байқау кез келген өнерпаздың арманы, үлкен сахнаға жол ашатын мүмкіндік болып көрінгенін жасырмады. Алайда уақыт өте келе байқаудың «шынайы келбетін» көріп, шешімін өзгерткен.
Продюсердің айтуынша, байқауға қатысу үшін талант жеткіліксіз. Өнерпаз қанша жерден жан-жақты дайындалса да, іріктеуден өту үшін шынайы келбеті «таныс-тамыр мен қомақты қаржы» қажет болған.
«Қазір ойласам, сол «Новая волна» байқауына неге сонша ұмтылғанымызды өзім де түсінбеймін. Ол кезде бәрімі «егер осы байқауға өтсең, өмірің түбегейлі өзгереді, ең мықты өнерпазға айналасың» деп ойлайтынбыз. Бірақ дәл сол жерде қаншама былықтың, қаншама астыртын ойынның бар екенін көрдім. Тек таланттың арқасында бұл жобаға өту мүмкін емес екен. Міндетті түрде не ықпалды танысың болуы керек, не көп ақшаң болуы керек», – деді продюсер «Кешью» тобы туралы деректі фильмде.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?