6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨткен жылы Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен тауар айналымы 29,4 млрд долларды құрап, 10,4 пайызға артты. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов «Иннопром. Қазақстан-2023» форумында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министрдің сөзінше, бұл рекордтық көрсеткіш.
Бұл қарқын биыл да жалғасуда. Биыл 6 айдың ішінде еліміздің тауар айналымы 14 млрд долларға дейін жетті. Соңғы 5 жылда өңдеу өнеркәсібінің өнімі 2,2 есеге өсті. Саланың жалпы қосылған құнының көлемі 2,3 есеге өсті. Еңбек өнімділігі 49 мың долларға дейін өсті, бұл орташа экономикалық көрсеткіштен 2 есе жоғары. Салалық тұрғыда айтатын болсақ, тау-кен металлургия кешені отандық өңдеуші өнеркәсіптің негізі болып табылады. Өткен жылы 19,3 миллиард доллардың өнімі экспортталды, бұл елдің жалпы экспортының 23 пайызын құрайды, - деді Әлихан Смайылов.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов елімізде машина жасау өндірісі артқанын айтқан болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі