12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстан дзюдо федерациясы Әзербайжанның Баку қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын ұлттық құраманың тізімін жариялады.
Әлем біріншілігінде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды. Отандастарымыз жекелей жарыспен қатар аралас командалық бәсекеде де татамиге шығады.
Қазақстан ерлер құрамасында бес салмақ дәрежесінде бақ сынайды:
Әйелдер арасында Қазақстан атынан бес салмақта бес спортшы татамиге шығады:
Биылғы әлем біріншілігі 4-11 қазан аралығында Бакуде өтеді. Байрақты бәсекеде әлемнің үздік дзюдошылары бас қосып, өз салмақ дәрежелерінде чемпиондық атаққа таласады.
Қазақстан құрамасы үшін Бакудегі жарыс әлемдік аренада өз деңгейін тағы бір мәрте көрсетуге мүмкіндік береді. Тәжірибелі спортшылармен қатар, ұлттық құраманың жас өкілдері де жоғары нәтиже көрсетуге талпынады.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер