30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚазақстанның бірқатар өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астанада таңертең және күндіз көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады. Екпіні таңертең және күндіз 23-28 м/с болуы ықтимал.
6 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде қатты жаңбыр, облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 15-20 м/с.
Алматыда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі.
Ертең түнде Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында екпіні – 15-20, кей уақытта 23 м/с күтіледі. Ақтау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20. Түнде кей уақытта 23 м/с күтіледі.
Түнде Батыс Қазақстан облысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20, облыстың батысында, орталығында кей уақытта 23 м/с. Оралда 6 қарашада түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қостанайда 6 қарашада күндіз кей уақытта қатты қар, таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады. Таңертең және күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші – 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында 23-28 м/с күтіледі. Қызылордада 6 қарашада жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күші – 15-20 м/с.
Павлодар облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
6 қарашада күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында – 15-20 м/с. Өскеменде 6 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с деп күтіледі.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды