7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?2026 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша, есепті аптада Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағаның төмендеуі тіркелді.
Апта ішінде пияздың бағасы 5,1%-ға, картоп – 3%-ға, сәбіз – 2,4%-ға, ақ қауданды қырыққабат – 2,3%-ға, алма – 1,1%-ға, қант – 0,7%-ға, сүзбе мен тауық еті – 0,4%-ға төмендеді.
Нан, рожки, сиыр еті, қой еті, тауықтың бөлшектелген бөліктері, сүт, қаймақ, күнбағыс майы, сары май, тұз және шай бағасы өзгеріссіз қалды.
Өңірлер бөлінісінде бірқатар қалада дефляциялық динамика байқалды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы бағасы апта ішінде Жезқазғанда 0,3%, Семейде 0,2%, Талдықорғанда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қонаев, Орал, Павлодар, Петропавл және Түркістан қалаларында бағалар алдыңғы апта деңгейінде сақталды.
Республика бойынша пияздың орташа бағасы килограмына 149 теңгені құрады. Ең төмен баға Павлодарда тіркеліп, килограмы 119 теңгені құрады.
Картоптың республика бойынша орташа бағасы килограмына 211 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Павлодарда байқалып, килограмы 135 теңгені құрады.
Ел бойынша сәбіздің орташа бағасы килограмына 222 теңгені құрады. Ең төмен баға Павлодарда тіркеліп, килограмы 140 теңгені құрады.
Қызанақтың республика бойынша орташа бағасы килограмына 620 теңге деңгейінде қалыптасты. Ең қолжетімді бағалар Таразда – килограмына 378 теңге және Атырауда – 396 теңге болды.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағалары индексінің көрсеткіші апта сайын есептеледі. Бағаларды бақылау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада жүргізіледі. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының динамикадағы өзгерістерін Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының сайтынан және «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен көруге болады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?