13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев маусымда өтетін Беларусь (5 маусым) пен Солтүстік Македонияға (9 маусым) қарсы матчтарға шақырту алған ойыншылардың жалпы тізімін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тізімге 36 ойыншы енді.
Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Астана»), Александр Заруцкий («Қайрат»), Стас Покатилов («Сабах», Әзербайжан), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Ян Вороговский, Марат Быстров (екеуі де – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Роман Асранкулов, Александр Зуев, Наурызбек Жагоров (бәрі – «Тобыл»), Еркін Тапалов («Қайрат»), Сергей Малый, Ұлар Жақсыбаев, Сұлтанбек Астанов (бәрі – «Ордабасы»), Әділбек Жұмаханов («Елімай»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Ислам Чесноков (екеуі де – «Тобыл»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Бактиер Зайнутдинов («Бешікташ», Түркия), Айбол Әбікен («Қайсар»), Серікжан Мужиков, Алмас Төлібай (екеуі де – «Елімай»), Ғалымжан Кенжебек («Кошице», Словакия), Дамир Марат, Дәурен Жұмат (екеуі де – «Оқжетпес»), Исламбек Қуат («Жеңіс»), Георгий Жуков («Пуща», Польша), Муроджон Халматов, Зикрилло Сұлтаниязов (екеуі де – «Ордабасы»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Дастан Сәтпаев («Қайрат»), Алияр Мұхамед («Оқжетпес»), Дінмұхамед Қараман («Жеңіс»).
Нақты тізім бекітілгенге дейін құрамда өзгеріс болуы мүмкін. Ал оқу-жаттығу жиыны 31 мамырда Астана қаласында басталады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы маусым айында екі ойын өткізеді. Алдымен 5 маусымда Минскте Беларусьпен жолдастық матч өткізсе, ал 9 маусымда 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды