Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚазақстандық синоптиктер 23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елдің басым бөлігінде қар жауады. Тек солтүстік-батыста, оңтүстік-батыста, елдің орталығында солтүстік-батыс антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Республиканың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, батысында, оңтүстік-шығысында көктайғақ, Қазақстанның солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел күшейіп, боран соғады деп күтілуде», делінген хабарламада.
Астанада - ауыспалы бұлт, күндіз - қар, боран күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Алматыда - ауыспалы бұлт, түнде қар, тұман, көктайғақ болады деп болжанады.
Шымкентте - күн жауын-шашынсыз өтеді, ауыспалы бұлттылық байқалады.
Бүгiн, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыКеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек