6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтуде. Кеңейтілген форматта форум құру мәселесібойынша мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, ТМД волонтерлер форумын құру мәселесін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жастар жөніндегі Кеңесі енгізді, ол Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2023 жылғы қазанда ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің отырысында айтқан ұсынысын қолдады.
2024 жылы ТМД-да Волонтерлер қозғалысы жылын өткізу, осындай форумды құрудың жоғары сұранысы мен уақтылығын көрсетті, сондай-ақ біздің елдеріміз арасындағы тиімді мәдениетаралық өзара іс-қимылдың нақты құралы ретінде волонтерліктің елеулі әлеуетін айқын көрсетті, - деп атап өтті Айзада Құрманова.
Форум тәжірибе алмасуға, волонтерлер қозғалысын дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жылсайынғы іс-шараға айналады деп болжануда. Бұл алаңды ТМД елдері кезекпен ұйымдастырады.
Қазақстан волонтерлік саласында халықаралық іс-шараларды өткізуде айтарлықтай тәжірибеге ие.
2023 жылы Астанада волонтерлердің халықаралық форумын өткізу жарқын мысалдардың бірі болып табылады. Өткен жылдың қазан айында Астанада АӨСШК волонтерлер слеті өтті. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы 2026 жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы волонтерлерінің бірінші форумын өткізуге дайын екендігін білдіреді. Жастар жөніндегі кеңес Қазақстанның бұл бастамасын қолдады.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі