22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыӨткен жылы Қазақстанның автомобиль жасау саласы үшін тарихи жыл болды. ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, елде бір жыл ішінде 311,1 млрд теңгеге 22 580 дана техника шығарылды, деп хабарлайды Еl.kz интернет порталы.
Бұл - автомобиль өндірісіндегі ең жоғары айлық көрсеткіштердің бірі. Өткен жылдың қарашасымен салыстырғанда өндіріс көлемі 25,5%-ға өсті, бұл саланың сенімді өсуін көрсетеді.
Жеңіл автокөліктер сегменті өсімнің негізгі қозғаушы күші болды. Бір айда қазақстандық кәсіпорындар 20 730 жеңіл автокөлік, 807 жүк көлігі, 646 автобус, 310 тіркеме және жартылай тіркеме, сондай-ақ 87 арнайы мақсаттағы көлік шығарды. Бұл көрсеткіштер өндірістік қуатты кеңейтудің және Chery, Changan және Haval сияқты халықаралық брендтердің Қазақстанда жергілікті деңгейде өндірісін іске қосудың нәтижесі болып отыр.
2025 жылдың алғашқы 11 айында елімізде 2,03 трлн теңгеге 146 163 дана жабдық өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға артық көрсеткіш.
Қазіргі уақытта автомобиль жасау саласы еліміздегі машина жасау секторындағы жалпы өндірістің 41,7%-ын құрайды. Бұл оның экономикадағы ең қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі екенін растайды.
Қазақстандағы автомобиль өндірісінің өсуі өндірістік қуаттардың артуы, шетелдік брендтердің локализациялануы және отандық компоненттер өндірісінің кеңеюімен тығыз байланысты. Бұл тенденция болашақта автокөлік экспортының артуына және ішкі нарықтағы сұранысты толық қамтуға мүмкіндік береді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев