8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Қазақстанның әуе нарығына тағы бір шетелдік әуе компаниясы қосылды. 12 маусымнан бастап армениялық FlyOne Armenia Ереван мен Алматы арасында тікелей рейстер орындай бастады. Аптасына екі рет қатынайтын жаңа бағыттың ашылуы жолаушыларға қандай мүмкіндік береді және FlyOne Armenia қандай компания?
FlyOne Armenia қандай компания?
FlyOne Armenia – Армениядағы ең ірі әуе тасымалдаушылардың бірі. Компания молдовалық FlyOne тобының құрамына кіреді және төмен бюджетті әуе тасымалына маманданған лоукостер ретінде танымал.
Лоукостерлердің басты ерекшелігі – билет бағасын мүмкіндігінше төмен ұстау. Әдетте мұндай компаниялар қосымша қызметтерді жеке ұсынады: багаж, орын таңдау немесе борттағы тамақ үшін бөлек ақы алынады. Соның арқасында ұшу құны дәстүрлі әуе компанияларына қарағанда арзанырақ болады.
Екі ел арасындағы рейс көбейеді
Жаңа рейстердің іске қосылуымен Қазақстан мен Армения арасындағы тұрақты әуе қатынасы айтарлықтай жиілейді. Бұған дейін екі ел арасында аптасына үш рейс орындалса, енді олардың саны беске жетеді.
Сарапшылардың айтуынша, тікелей рейстердің көбеюі туристік және іскерлік сапарларды жеңілдетіп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың дамуына ықпал етеді.
Соңғы жылдары Қазақстан халықаралық әуе бағыттарының санын арттыруға басымдық беріп келеді. Жаңа шетелдік тасымалдаушылардың келуі нарықтағы бәсекені күшейтеді. Ал бәсеке көбейген сайын жолаушылар үшін билет бағасының қолжетімді болуы ықтимал.
Сонымен қатар жаңа бағыттар Қазақстан азаматтарына Кавказ өңіріне саяхаттауды жеңілдетсе, армениялық туристер үшін Алматы мен Қазақстанның басқа да өңірлеріне жол ашпақ.
Билет бағасы қанша болуы мүмкін?
FlyOne Armenia өзін бюджеттік әуе компаниясы ретінде таныстырады. Компанияның кейбір бағыттарында билеттердің бастапқы құны 39-44 еуродан басталады. Дегенмен нақты баға маусымға, сұранысқа және қосымша қызметтердің таңдалуына байланысты өзгеруі мүмкін.
Осылайша FlyOne Armenia-ның Қазақстан нарығына келуі тек жаңа рейстің ашылуы емес, сонымен қатар Қазақстан мен Армения арасындағы әуе қатынасының кеңеюі мен нарықтағы бәсекенің артуының белгісі болып отыр.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін