6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосановтың басшылығымен қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Dubai Airshow-2023 халықаралық көрмесінде болып қайтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы жылы Дубай халықаралық әуежайының алаңдарына әлемнің 95 елінен 1,4 мыңнан астам аэроғарыш өнеркәсібі кәсіпорындары өз өнімдерін шығарды.
Сапар барысында Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов Біріккен Араб Әмірліктері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы генерал-майор Ибрагим Насер Мұхаммед әл-Алавимен кездесті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасты.
Көрме аясында қазақстандық делегация Әскери-әуе күштері мен Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері қолбасшыларының халықаралық конференциясына қатысты.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі