Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстанның алтын қоры 355 тоннадан асты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
LS басылымының жазуынша Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметі бойынша, наурыз айында елдің қымбат металл қоры 3,9 тоннаға толды. Ал бір ай бұрын оның көлемі 351,7 тонна болатын.
Қазақстан елдер бөлінісінде 15-орында (Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есепке алмағанда) тұр. Дәл осы көрсеткіш бойынша Португалия (382,6 тонна) мен Сауд Арабиясы (323,1 тонна) елдерінің арасында орналасқан.
Дәстүрлі түрде АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна) және Ресей (2,2 мың тонна) көшбасшы болып саналады.
Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтынның құны 25 мың теңгеден асады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?