Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСағат 19:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанның бес өңірінде ауа температурасының төмендеуіне байланысты жол қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін шектеу енгізілді.
Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты (-32ºС) рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол қозғалысы шектелді.
Жетісу облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Алматы-Өскемен» тас жолының 558-615 шақырымында Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.
Павлодар облысында Абай облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 426-587 шақырымында Павлодар қаласынан Абай облысының шекарасына дейінгі учаскесінде рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктерге жолға шығуға тыйым салынды.
Қарағанды облысында «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» тасжолының 249-320 шақырымында Бүркітті кентінен Абай облысы ауданының шекарасына дейінгі аумақта рейстік жолаушылар автобусы мен дизельдік отынмен жүретін автокөліктер үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады