7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2023 жылғы 25 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік циклон жырасымен және атмосфералық фронтальды бөлімдерінен тұрақсыз ауа-райы сақталады, найзағаймен жаңбыр, дауыл және желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі. ҚР оңтүстік-батысында шаңды дауыл күтіледі.
Күндіз Жетісу, Абай, Алматы облыстарында 35-37°С дейін қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Атырау облыстарының батысында, шығысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Алматы облысының солтүстік жартысында төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ұлытау, Абай, Шығыс Қазақстан облыстарында, Павлодар облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?