30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыОқу-ағарту министрлігі Қазақстанда шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректерді ұсынды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу тәртібі екі түрге бөлінгенін хабарлады:
Бала асырап алу «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодекс, сондай-ақ Қазақстанның басқа да нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.
1999-2011 жылдар аралығында шетел азаматтары 8 805 баланы асырап алса, 2013-2023 жылдар аралығында 158 бала асырауға берілген, - деп хабарлады министрлік.
Ведомство мәліметінше, 2013 жылға дейін шетелдіктер асырап алған балаларды бақылау тек Сыртқы істер министрлігіне жүктелген.
Көбінесе қазақстандық балаларды Еуропа: Испания, Ұлыбритания, Германия, Италия, Австрия, сондай-ақ АҚШ, Канада және басқа елдердің азаматтары асырап алған, - деді Оқу-ағарту министрлігі өкілдері.
Бүгінде 5217 асырап алынған қазақстандық кәмелет жасқа толғаны белгілі. Министрлікте қайтыс болған балалар туралы мәлімет жоқ.
Сондай-ақ, заңға сәйкес, баланы туыстары, елде және одан тыс жерлерде тұратын Қазақстан азаматтары асырап ала алмайтын жағдайда ғана шетелдіктер асырауына берілуі мүмкін екені айтылды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды