Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыБАҚ беттерінде Қазақстан бензинін Өзбекстан сатып алып жатқаны туралы ақпарат тарады. Энергетика министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстаннан Өзбекстанға немесе өзге елдерге бензин экспорты жүзеге асырылмайды. Елде мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салу енгізілген, ал Үкімет заңсыз әкетудің және контрабанданың алдын алу бойынша Жоспарды іске асыруда.
Жекелеген БАҚ сілтеме жасаған ақпарат биылғы жылдың көктемінде қабылданған бір жолғы және уақытша шараға қатысты. Сәуір–мамыр айларында ел ішіндегі жанармай қоры жағдайында АИ-92 маркалы бензиннің артығын экспорттау туралы нүктелік шешім қабылданды. Мұндай шара халықаралық тәжірибеде стандартты болып табылады және ол қоймаларды оңтайландыруға әрі бюджетке қосымша салық түсімдерін әкелуге мүмкіндік береді. Маусым айынан бастап, МӨЗ-дердегі жоспарлы жөндеу жұмыстарына дайындық шеңберінде стратегиялық қор жинақтау мақсатында экспорт толық тоқтатылды,-делінген ресми мәліметте.
Министрлік мемлекеттік реттеуді алып тастау және экспортқа тыйым салу ішкі нарықты тұрақтандыруға әрі жанармай қорларын айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті. Жаздың басына қарай АИ-92 бензині қоры шамамен 70%-ға, дизель отыны қоры 78%-ға артты. Қазіргі таңда мұнай өнімдері нарығындағы жағдай тұрақты. Ішкі нарық толық көлемде қамтамасыз етілуде.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды