Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыҚазақстаннан Нью-Йорк, Токио, Рим, Вена және Сингапурға тікелей әуе рейстерін ашу жоспарлануда. Бұл туралы Astana Finance Days форумында Азаматтық авиация комитетінің (ААК) төрағасы Салтанат Томпиева мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, Токио, Рим, Вена және Сингапурға тікелей рейстер 2026 жылы іске қосылуы мүмкін. Ал Нью-Йоркке ұшақтар біршама кейінірек – 2027 жылы қатынай бастайды. Бұған дейін ААК АҚШ-қа рейстерді 2026 жылы ашамыз деп хабарлаған еді.
Сонымен қатар, Томпиева соңғы бір жарым жылда Қазақстанда 58 жаңа халықаралық бағыт ашылғанын атап өтті. Оның 22-сі – 2024 жылы, ал 36-сы 2025 жылы іске қосылған.
Қазіргі таңда Қазақстан 30 елмен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан, жалпы саны 139 бағыт бар. Аптасына 824 халықаралық рейс орындалады, – деді ол.
Бұған дейін Таиландтан елімізге тағы бір әуе рейсі ашылатыны туралы жазғанбыз.
Бүгiн, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынадыКеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді