Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЖаңажылдық мереке және оқушылардың қысқы каникулы кезінде Қазақстаннан Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ұшақтар саны артып, сәйкесінше билеттер құны арзандамақ, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті БАӘ-нің авиация билігімен бірлесіп, мереке күндері және каникул кезеңінде авиабилеттердің құнын төмендету мақсатында БАӘ-ге рейстер санын арттыру шешімін қабылдады», - делінген министрлік мәліметінде.
Атап айтқанда, 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 14 қаңтарға дейін «Fly Dubai» әуекомпаниясы Астана – Дубай және Алматы – Дубай бағыттары бойынша қосымша 10 рейсті орындауды жоспарлап отыр. Рейстер Б-737 типті әуе кемелерінде орындалатын болады.
«Рейстер санының артуы ҚР мен БАӘ арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өту маңызды», - дейді ведомстводан.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары