6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер10 жастағы қазақстандық Air Astana әуекомпаниясының кесірінен Түркияда қалып қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы адвокат Данилхан Шағатаев мәлімдеді. Түркияға келгеннен кейін бала төлқұжатының жоқ екенін байқаған. Бұл туралы Air Astana қызметкеріне хабарлағанымен, құжат табылмады. Салдарынан бала шекаралық бақылаудан өте алмай, арнайы депортация бөлмесіне жіберілді.
21-23 желтоқсан аралығында әуежайдың транзиттік аймағында қалған балаға Air Astana өкілдері көмек көрсетпеген.
Балаға қарапайым қолдау да көрсетілмеді. Оны күтіп алушы тарап транзит аймағының қатаң ережелеріне байланысты көмек көрсете алмады. Ал бала шет тілдерін білмегендіктен, шекара қызметкерлері мен әуежай қызметкерлерінің сөздерін түсінбей, қатты қорқып, не істерін білмей отырды, — деді Данилхан Шағатаев.
Баланың анасы онымен телефон арқылы сөйлескенімен, нақты көмек көрсете алмапты.
Тек екі күннен кейін ғана Анталиядағы Қазақстанның Бас консулдығының көмегімен балаға уақытша құжат жасалып, елге қайтарылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі