23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Айдарбек Сапаров пен «Al-Reef Al-Tholathy» атқарушы директоры Мұхаммед Нассер Алмукейриш Қазақстан мен Сауд Арабиясындағы азық-түлік өнімдерін өндіретін ірі компаниялардың бірімен ынтымақтастықтың келешегін талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, Араб кәсіпкерлерінің Қазақстанда құрылатын «Қой шаруашылығын дамыту қоры» жұмысына қатысу мүмкіндігі қарастырылды. Жоба қазақстандық қой мен қозыны араб мемлекеттеріне, бірінші кезекте Парсы шығанағы елдеріне жеткізуге ықпал ететін болады. Өндірілген қаражатты одан әрі қой өсірумен айналысатын отандық фермерлерді қаржыландыру үшін пайдалану жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта жобаға инвесторларды тарту бойынша жұмыс басталды. Сауд Арабиясының қарқынды дамып келе жатқан компанияларының бірі саналатын және өз нарығын жоғары сапалы салқындатылған етпен қамтамасыз етумен айналысатын «Al-Reef Al-Tholathy» компаниясы әлеуетті серіктес бола алады.
Айта кетейік, 2022 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша қазақстандық мал өсірушілер 29,7 мың тонна ет, оның ішінде 6,7 мың тонна қой еті экспорттады. Отандық қойдың негізгі тұтынушылары Өзбекстан, БАӘ, Кувейт, Оман және Бахрейн мемлекеттері. Ауыл шаруашылығы министрлігі қазақстандық қой етін өндірушілер үшін өткізу нарығын кеңейтуге және өндірісті ұлғайтуға одан әрі ықпал ететін болады.
Араб делегациясы Қазақстанға сапары аясында жергілікті мал шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысу үшін еліміздің оңтүстік өңірлеріне барды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады