Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсТүркістан облысында шеттен жеткізілген 43 тонна қызанақтан біздің елде жоқ вирус анықталды. Өнім Сарыағаш ауданында орналаскан шекара бекетінде тексерілген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Фитосанитариялық бақылау инспекторлары томат өнімдерінен «қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» мен «қызанақтың қола түстес тоспо вирустарын» тапқан. Қызанақ Түркіменстан, Өзбекстан мен Иран елдерінен жеткізілген.
Өсімдіктер карантині заң талаптарына сәйкес, жүктің иелеріне әкімшілік іс шаралар қаралып, жүктер келген елдеріне кері қайтарылды. Жалпы бұл аурулар Республика аумағына енетін болса, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды өнімдерімен айланысатын кәсіпкер фермерлердің жылыжайларына және ашық алқапта өсірілген өнімдерге 50-70 пайызға дейін елеулі зиян келтіреді, - дейді облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Ибрагим Бегасилов.
Инспекторлардың сөзінше, томат өнімдерінің мұндай қауіпті вирусы соңғы үш жылда Еуропа, Азия мен Америкада тараған. Сонымен қатар Иран, Өзбекстан, Түркіменстан елдерінде де анықталып отыр. Осындай карантиндік аурулардың енгізілуі мен өнімді зиянкестерден қорғау мақсатында тексерістер жіті жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 20-ға жуық заң бұзушылықтар анықталған. Өсімдік карантині инспекциясы тарапынан 2 млн теңгеден астам айыппұл салынып, өнімдер келген жағына кері қайтарылған.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды