6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлордада өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлар импортталған қызанақ тұқымдары мен гүл кескіндерінде вирус барын анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Инспекторлар 2 700 дана пакетті тәркілеп, бәрін арнайы пеште өртеп жіберді.
Қызанақтың қоңыр қатпарлы вирусы (тобамовирус, ToBRFV) тұқымдарда сақталады және байланыс арқылы оңай таралады. Бұл вирустың адам денсаулығына зияны жоқ, алайда Solanaceae тұқымдас барлық дақылды зақымдайтын қауіпті патоген. Вирус жаппай таралған жағдайда өнімді 80%-ға дейін жоюы мүмкін, - дейді мамандар.
Аталған дерек бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 400 бабы 2-бөлігінің 1-тармағы негізінде өнім иесіне әкімшілік іс қозғалып, 103 376 теңгеге айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, Кения елінен әкелінген 1320 дана раушан, хризантема және гипсофила гүлдері жойылды. Бұл өнімнен батыс гүл трипсі табылды. Тауар иесіне 251 056 теңге айыппұл салынды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі