24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыЖыл басынан бері елімізге 3442 электромобиль әкелінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда Қазақстан аумағына жолаушылар кедендік декларациясы бойынша кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып, 3442 электромобиль әкелінді. Яғни, 2023 жылдың соңына дейін кедендік баждар мен салықтарды төлеуден босатыла отырып тағы 11558 электромобиль әкелуге мүмкіндік бар.
Бұған дейін Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 39 шешімімен 2022 және 2023 жылдары электромобильдерге бажсыз әкелу мүмкіндігі берілген болатын. ЕЭК шешіміне сәйкес 2023 жылы электромобильдерді жеңілдікпен әкелуге берілген рұқсат 15 мың электромобиль бірлігін құрайды.
Қазіргі уақытта Қырғыз Республикасының бастамасы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссия алаңында бажсыз әкелу мүмкіндігін 2025 жылға дейін ұзарту туралы мәселе қаралып жатқанын атап өту маңызды.
Алайда, жоғарыда аталған үлес шеңберінде кедендік баж салығын төлеуден босатып, бірақ ҚҚС төлей отырып, электромобильді әкелудің басқа мүмкіндігі бар екенін ескеру маңызды. Бұл жағдайда Дүниежүзілік сауда ұйымының ставкалары бойынша тауарларға декларация тапсыру қажет.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?