28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарСауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанға Талибандармен ынтымақтастық келісім орнатудың не үшін қажет екенін түсіндірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Біріншіден, біз Ауғанстанмен ынтымақтастамыз және екі ел арасында тауар айналымы бар. Қазіргі таңда Ауғанстанмен тауар айналымы миллиард долларға жетті. Бұл Әзірбайжанмен, Түркіменстанмен салыстырғанда көп. Бұл жерде саясат ол – саясат, ал экономика ол – экономика, - деді министр.
Сондай-ақ, екі ел арасындағы сауда ынтымақтастығын дамыту мақсаты бар. Елімізде бидай, ұн, күнбағыс майын және бұдан да көп туар жеткізудің нақты болашағы бар екенін түсіндірді.
Неліктен біз бұл мүмкіндіктен бас тартуымыз керек? Сайып келгенде, бұл мемлекетіміздің игілігі үшін. Сауда үйін де аштық. Олар өкілді де тағайындады. Ол барлық жұмысты үйлестіреді. Өйткені Ауғанстан үлкен және алуан түрлі. Нарықты зерттеп, инвесторлармен, бизнесмендермен танысу керекпіз, - деді Серік Жұманғарин.
Ауғанстандық кәсіпкерлерді Қазақстанға шақырып, шілде айында бизнес-форум өткізу жоспарланып жатқанын айтты.
Олар Қазақстанды көріп, біздің мүмкіндіктерімізбен танысуы үшін форум өткізгім келеді. Соңғы рет біз таза өніммен айналысатындарды ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да Ауғанстанға жеткізген болатынбыз. Өйткені олар жер қойнауын пайдалану жағынан айтарлықтай бай ел. Олар да қызығушылық танытып отыр, - деді министр.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?