Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстандық бидайды ҚХР-ға экспорттау әлеуетін, сондай-ақ қолданыстағы келісімдерді ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев пен COFCO компаниясының вице-президенті Чжу Цзэ талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
АШМ басшысы Қазақстанның жоғары сапалы және органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ азық-түлік өндірудегі үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.
Сонымен қатар, министр өткен жылы егіннің рекордтық көрсеткіштерін еске салды. 22 млн тонна дәнді және бұршақты дақылдар, оның ішінде 16,4 млн тонна бидай жиналды.
Қытайға жыл сайынғы жеткізу көлемін астық тасығыштармен және жабық вагондармен 1 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарлануда.
Айта кетейік, жақында ҚХР-ға жасаған сапарының қорытындысы бойынша COFCO компаниясы мен Азық-түлік корпорациясы арасында 75 мың тонна бидай жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
Ербол Қарашөкеев Қазақстан тарапынан барлық міндеттемелер мерзімінде орындалатынын атап өтті. Келіссөздер барысында Азық-түлік корпорациясынан басқа да дақылдарды, яғни зығыр, арпа, күнбағыс және рапсты сатып алу мүмкіндігі қарастырылды.
Бүгінгі таңда COFCO корпорациясы қазақстандық бидайдың ҚХР-ға ірі импорттаушысы болып табылады.
Сапар аясында қытай делегациясы Ақмола облысындағы азық-түлік корпорациясының астық қабылдау кәсіпорындарына барып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тиеу процесімен танысты, сондай-ақ А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығында болды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары