10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚР АШМ ақ тот жұқтырған 160 мыңға жуық хризантеманы Нидерландқа қайтарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, 159 400 гүл Нидерландтан әкелінген.
Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті Алматы қаласы бойынша МИК аумақтық инспекциясының карантин инспекторы хризантема көшеттерінде карантинге жататын өнімге мемлекеттік карантинге жататын фитосанитарлық бақылау жүргізу барысында «ақ тот жұқтырған хризантема» (Puccinia horiana) карантинге жататын объектісі анықталды. Инспектор алған үлгілер Алматы аймақтық карантин зертханасына жіберілді. Сараптама нәтижелері анықталған объект қауіпті карантинге жататын объект екенін растады. Өнім иесіне қатысты әкімшілік хаттама жасалып, айыппұл салынды, - делінген мәліметте.
Карантинге жататын объект енуі мен таралуының алдын алу мақсатында гүл көшеттері жіберушіге қайтарылды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді