Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева Орталық Азия әйелдерінің диалогы конференциясында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
Орталық Азия әйелдері диалогы халықаралық конференциясы аясында журналистердің сұрағына жауап берген Дания Еспаева Қуандық Бишімбаевқа қатысты қайғылы оқиға әлем жұртшылығына мәлім болғанын атап өтті.
Әрине, бұл Қазақстанның имиджіне кері әсер етті. Мен бұл оқиғаның БҰҰ сайтында жарияланғанын білемін. Мұндай жағдай кез келген елде болуы мүмкін. Қайғырып көңіл айтамын. Әлеуметтік желіден бұл жағдай туралы мәліметтерді оқыған сайын жүрегім ауырады. Статистикалық тұрғыдан мұндай жағдайлар көбіне тұрмысы төмен отбасыларда болады. Алайда бұл жерде ауқатты отбасында болды. Білімді адамның осындай әрекет жасағаны қорқынышты. Мұндай жағдай мүлде болмауы керек еді. Өкінішке орай болды, – деді Дания Еспаева.
Айта кетейік, бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың әкесі Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасады.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді