12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматы халықаралық әуежайында заңсыз әкелінген құмырсқалар салынған контейнер тәркіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы халықаралық әуежайында мемлекеттік кірістер департаментінің «Жетісу» кеден бекетінің қызметкерлері тексеріс жүргізу барысында Италиядан келген қорап ішінен кондитерлік өнімдердің орнына тірі жәндіктер, болжам бойынша құмырсқалар бар 7 пробирка мен 22 пластикалық контейнер анықтады.
Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы коды бойынша жабайы тірі жәндіктер Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелуге рұқсат беру тәртібі белгіленген тауарлар тізбесіне кіреді. Осылайша, рұқсат құжаттарынсыз тірі жәндіктерді Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу әрекеті тоқтатылды, - делінген Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарламасында.
Аталған дерек бойынша материалдар шешім қабылдау үшін уәкілетті мемлекеттік органға жіберілді.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер