6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерФутболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алу мүмкіндіктен айырылды. Дегенмен, енді соңғы мүмкіндік бар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Былтырғы жылы Ұлттар лигасында С дивизионда өз тобымызда бірінші орын алғанбыз. Соның арқасында қалған үш жолдаманың біреуі бұйыруы мүмкін. Ол үшін 2024 жылдың 21 наурызында Афиныда Грекия құрамасымен кездесеміз. Сосын ол ойында жеңіске жетіп жатса, 26 наурызда Грузия мен Люксембург арасындағы жеңімпазбен жолығамыз. Ойынның қайда өтетіні жеребе арқылы анықталады.
Қазақстан үйдегі ойынын Астанада өткізе алмайды. Өйткені «Астана-Арена» стадионда жақында жөндеу жұмыстарына жабылады. Сондықтан Алматыда ойнайды.
Айта кетейік, кеше түнде Қазақстанда Люблянада Словения құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді. Ұлттық құрама сапынан жалғыз голды Рамазан Оразов салды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі