28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар2025 жылғы 1 мамырға жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 283 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЕХӘҚМ мәліметінше, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 567 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 379 рұқсат (екінші санат).
Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 392 және 1 037 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 2 271 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 637 адам тартылды, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 1 808 жұмыс беруші бар. Оларда 352 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96,1%.
Оқи отырыңыз:
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтіндер құрылыс саласында – 5 027 адам, ауыл, орман және балық шаруашылығы – 2 271 адам, тау – кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 329 адам, өңдеу өнеркәсібі – 1 252 адам, - деп қосты министрлік.
Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер: Қытай – 5 054 адам, Өзбекстан – 1 926 адам, Түркия – 1 079 адам, Үндістан – 1 078 адам.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?