Бүгiн, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты«Қазгидромет» мамандары 2026 жылдың 7-9 шілдесіне арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болып, бірқатар өңірде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сонымен қатар кей аймақтарда аптап ыстық күшейіп, ауа температурасы +41 градусқа дейін көтеріледі.
7 шілдеде еліміздің батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Орталық және шығыс өңірлерде кей жерлерде нөсер жаңбыр жаууы мүмкін. Жекелеген аумақтарда бұршақ түсіп, екпінді жел соғады.
Бұл күні орташа ауа температурасы +23°C шамасында болады. Күндіз +28°C-қа дейін жылыса, түнде +18°C-қа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 4,7 метрге дейін жетеді.
8 шілдеде батыс өңірлерде, солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай сақталады. Кей жерлерде қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Кей өңірлерде күн ала бұлтты болады. Орташа температура +24°C деңгейінде сақталып, күндіз +29°C-қа дейін ысиды. Түнде ауа температурасы +20°C болады. Желдің жылдамдығы 6,5 м/с-қа дейін күшейеді.
9 шілдеде еліміздің батысында жаңбыр жаууы мүмкін болғанымен, көптеген өңірде ашық әрі жылы ауа райы қалыптасады. Кей жерлерде жел күшейіп, найзағай болуы ықтимал.
Күндіз ауа температурасы +29°C-қа дейін көтеріліп, түнде +18°C шамасында болады. Желдің жылдамдығы шамамен 6 м/с болады.
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның солтүстік-батысында және орталық өңірлерінде ауа температурасы +35…+39°C-қа дейін көтеріледі. Жекелеген аудандарда өте күшті ыстық болып, сынап бағаны +41°C-қа дейін жетуі мүмкін.
Солтүстік өңірлерде +35…+38°C аралығында қатты ыстық күтіледі. Ал республиканың қалған бөлігінде температуралық фон айтарлықтай өзгермейді.
Батыс, оңтүстік және шығыс облыстарында желдің күшеюі болжанып отыр. Синоптиктер тұрғындарға дауылды жел, найзағай, нөсер жаңбыр және бұршақ кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес береді.
Мамандардың айтуынша, алдағы күндері ауа райының күрт құбылуы сақталатындықтан, жолға шығатындар мен демалысты табиғат аясында өткізуді жоспарлаған азаматтарға ауа райы болжамын алдын ала бақылап отыру ұсынылады.
Бүгiн, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыКеше, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды