22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды25 маусымда этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылуы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы этно-лагер жұмысын бастады.
Отандастар қорының «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 400-ден аса қандас балалар қатысса, биыл Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен 255 этникалық қазақ балалары тарихи отанына келді. Қатысушылардың арасында төтенше жағдай кезінде қазақстандық достарына жылу жинаған моңғолиялық қазақ балалары, түрлі байқауларға қатысып, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдеген қаракөз қандастарымыз бар.
25 маусым күні лагердің ресми ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек және Нұргүл Тау, Россотрудничествоның Астанадағы өкілдік басшысы Ольга Филонова, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров және IQanat мектебінің директоры Зайкен Жанат қатысып, балаларға ақжарма тілектерін білдірді.
Лагерь 2024 жылғы 24 маусым және 7 шілде аралығында Бурабайдағы «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтеді. Балалар екі аптада қазақ тілі, тарихы мен салт-дәстүрін үйреніп, ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарда ойнайды, атқа мініп, киіз үй құрады, еліміздегі жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін білім көрмесіне қатысады және ең бастысы әлемнің көптеген елінен достар табады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев