8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Қазақстанда туризм саласы қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елге келген шетелдік туристер саны мен салаға тартылған инвестиция көлемі айтарлықтай өсім көрсеткен.
Ресми мәліметке сәйкес, былтыр қонақүйлер мен басқа да орналастыру орындары 10 миллионнан астам қонақты қабылдаған. Оның 8,7 миллионы – еліміз бойынша саяхаттаған ішкі туристер. Ал орналастыру орындарында тіркелген шетелдік қонақтар саны 1,5 миллионнан асқан.
Сонымен қатар жалпы алғанда 2025 жылы Қазақстанға 15,7 миллион шетел азаматы келген. Бұл көрсеткіш елдің халықаралық туристік бағыт ретіндегі тартымдылығы артып келе жатқанын көрсетеді.
Соңғы жылдары Қазақстан табиғи ландшафттары, ұлттық парктері, тарихи-мәдени нысандары мен іскерлік туризм бағыттарының арқасында шетелдік саяхатшылардың қызығушылығын тудырып отыр. Әсіресе Астана, Алматы, Шымкент қалалары, сондай-ақ Маңғыстау, Түркістан және Алматы облыстары туристер жиі баратын өңірлер қатарында.
Туризм саласының экономикалық көрсеткіштері де оң динамика көрсетіп отыр. 2025 жылы қонақүйлер мен орналастыру орындарының жиынтық табысы 350,6 миллиард теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш туристік қызметтерге сұраныстың артқанын және саланың экономикадағы үлесінің күшейіп келе жатқанын аңғартады.
Салаға құйылған инвестиция көлемі де рекордтық деңгейге жеткен. Былтыр туризм инфрақұрылымын дамытуға бағытталған инвестициялар көлемі 1,3 триллион теңгеден асты. Қаражат жаңа қонақүйлер салуға, туристік нысандарды жаңғыртуға, жол және инженерлік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған.
Мамандар пікірінше, туристік инфрақұрылымның дамуы, халықаралық әуе бағыттарының көбеюі және елдің туристік әлеуетін шетелде белсенді насихаттау Қазақстанға келетін туристер санын одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.
8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін